06.09.2023
  47


Автор: Шөмішбай Сариев

Кеңестік

Кеңестік,
Кездестік
Алғашқы күні көктемнің,
Гүлдері,
Гүлдері,
Ал-қызыл алаулап көк белдің.
Асығып Армандай
бұл бір күнге
бұл бір күнге
жеткен кім?
Екеумізге,
Екеумізге,
Шұғыла нұрлы төккен Күн!
Жүздестік,
Жүздестік,
алғашқы күні наурыздың,
Шыңдары,
шыңдары,
шұғыла шашқандай тау біздің
Дүние-аспанның назарын бізге
назарын бізге
ауғыздың,
Екеумізді,
Екеумізді,
самалы тербеп
наурыздың.
Махаббат,
Махаббат,
Көктемі екен көктемі,
Ғашықтық,
Ғашықтық,
Шұғыла нұрды төккені.
Сен барда,
бұдан артық,
бақыт бар ма,
өйткені
Екеуміздің бағымызға
Аққулар ұшып жеткені.





Пікір жазу