05.09.2023
155
Көзіңнен айналайын мөлдіреген
Көзіңнен айналайын мөлдіреген,
Сөзіңнен айналайын елжіреген.
Даламның сұлу жібек самалындай,
Сезімнен айналайын желбіреген.
Шашыңнан айналайын – жиылған нұр,
Қасыңнан айналайын – қиылған гүл.
Көргеннен көз алмастай тұрып қалып,
Өзіңе мен бір жанмын сиынған бұл.
Төсіңнен айналайын гүл төбедей,
Құпия жұмбақ сырды бүркемелей.
Көрдім де бір өзіңді тұрып қалдым,
Адасқан жолдарынан бір кемедей.
Аралар қонып-ұшар гүл өзі бал,
Таңдайыңа татитын бір өзі бал,
Мен бір кез ғашық болған, есімде жоқ
Сенде осы сұлу әйел мінезі бар...