05.09.2023
117
![](/uploads/shorttexts/author_image/sariev-sh-mishbaj.jpg)
Әйелдерде уақыт жоқ
Әйелдерде уақыт жоқ,
Еркектерде уақыт көп.
Еркектерде бақыт жоқ,
Әйелдерде бақыт көп.
Бақыты сол баласы,
Аялаумен әйелдер.
Күйеулерін қарашы,
Баласындай сан билер.
Еркектерде уақыт көп,
Алысумен өтеді.
Әйелдерде уақыт жоқ,
Жарысумен өтеді.
Еркектерде бақыт жоқ,
Болмас өмір баяны.
Әйелдерде бақыт көп,
Ауырланар аяғы.
Биіктерден асарда,
Бірі болса, бірі жоқ.
Еркектердің қашанда,
Әйелдерсіз күні жоқ...