05.09.2023
  74


Автор: Шөмішбай Сариев

Сәулесінен күн басқа

Сәулесінен күн басқа,
Бәйтеректен гүл басқа.
Бар әңгіме – әйелде,
Қыз бен Ана бір басқа.
Еркек біткен үңілет,
Әйел деген сүгірет.
Қыздың жайы – бір бөлек,
Ала жайы – құдірет.
Тәңірден соң, қолдасын,
Әйел – әйел болғасын.
Дұшпан кейде жауың да,
Досың, кейде жолдасың.
Билеп-төстер ордасын,
Әйел – әйел болғасын.
Еркектердің ол кейде,
Еңкейтеді зор басын.
Басыңа енді қонғасын,
Әйел-әйел болғасын.
Көтереді еркектің,
Еңкейгенде ал, басын.
Біле білсең, досым-ау,
Басты нәрсе – шошымау.
Біле білсең өмірде,
Еркектердің осынау,
Ынтықтасы – әйелде,
Бүркіт басы – әйелде.
Ұлы өмірдің осынау,
Пір тұтқасы әйелде!





Пікір жазу