meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.09.2023
  132


Автор: Шөмішбай Сариев

Тебіреніп, толғана

Тебіреніп, толғана
Түсін бәрін сен, бала.
Сағынышпен күн кешкен,
Ата-бабаң – шөл дала.
Бақыттысың сен деген,
Ештеңе әлі көрмеген.
Еріндері кеберіп,
«Азаттықтан шөлдеген» –
Ата-бабаң – түбірің,
Әкең – сенің тұғырың.
Бақыты үшін ұрпақтың,
Арнап өткен ғұмырын.
Бойын билеп намыстар,
Жауын жеңіп жаныштар.
Бабаң сенің – көк жиек,
Жақындасаң алыстар.
Жемістері күздегі,
Бабалардың біз – демі.
Сайрап жатыр бабамның,
Шөл далада іздері.
Іздер деген немене,
Дала деген кемеде.
Бабалардың көргені –
Немере мен шөбере.
Күй төгетін мөлдіреп,
Домбырада сол тиек.
Жақындасаң жеткізбес,
Келер ұрпақ – көкжиек!..


 





Пікір жазу