04.09.2023
  67


Автор: Шөмішбай Сариев

Табиғат анам — ұлы ием

Табиғат анам — ұлы ием,
Өмірдің берген бағы бұл.
Тағдырлас болған дүнием,
Рақмет айтам тағы бір.
Желбіреп жалау жыл өткен,
Ғұмырын елдің толғастым.
Дүрсілдеп құйттай жүрекпен,
Аспан көріп, жер бастым.
Ақыры — ажал ақырет,
Құлатар бір күн шынар құз.
Сонда да дүние рақмет,
Сонда да саған мың алғыс.
Ақтарып не бар көңілде,
Айтамын саған ақ тілек.
Мың алғыс мынауөмірге,
Гұмырды берген тәттілеп.
Тағдырдың сыйын тартам да,
Өтеді-ау өмір гүлденіп.
Анашым, сенің арқаңда,
Дүниені кеттім бір көріп!..


























































Пікір жазу