04.09.2023
75
Түнгі он екі
Өлеңмін мен өмірлік дос біріңе,
Болмайтын есептеусіз бос Күні де.
Бүгін, Ертең ортасы — дәл он екі,
Кездескен Уақыттың қос тілі де.
Қос тілі де кездескен екі арада,
Бүгін, Ертең ортасы — шекарада
Бетпе-бет келіп тұрмын өлеңменен,
Бүгінім ертеңіме жете ала ма?!
Түнгі он екі соққанын көріп біліп,
Кеудемді билеп алды көрікті үміт.
Өмір, саған арнағанөлең жаздым,
Бүгін мен Ертеңімді жолықтырып!