04.09.2023
  208


Автор: Шөмішбай Сариев

Мейірім

Мейірім көрдім күллі әлемнің көзінен,
Мейірім сездім күллі адамның сөзінен.
Тіпті, анау қара тастың өзінен
Туған жердің жылылығын сезінем.
Мейірім көрдім жапарынан, жүзінен,
Адамдардың қадамынан, ізінен...
Содан дүниенің көзінен
Мен үзілсем – мейірім болып үзілем!
Жақсылармен, жайсаңдармен жанасып,
Жұдырықтай жүрегіммен жарасып.
Жұмылғанша жияр күллі мейірімді,
Қос жанарым құйттай қайран қарашық!





Пікір жазу