04.09.2023
  92


Автор: Шөмішбай Сариев

Ағыл-тегіл төгілген ырыс бақты

Ағыл-тегіл төгілген ырыс бақты
Мырза-тағдыр қолыма уыстатты.
Жапырақ-жаным менің табиғаттан
Егіздің сыңарындай туыс тапты.
Дүниені айнымас досым етті,
Кеудеме тірлік дәнін қосып екті.
Көзімде төңкерілді мөлдір аспан,
Мен үшін жаратқандай осы көкті.
Жанымның қызғалдағы гүл-гүл жарып,
Бағыма қонды таңнан бұлбұл барып.
Мен қалай жақсылыққа жақын жүрмен,
Табиғат танытқанда бір мырзалық!





Пікір жазу