04.09.2023
  119


Автор: Шөмішбай Сариев

Кетем дедің

«Кетем дедің.
Кетсең кет!
Мен өлмеспін.
Күндер кештік.
Күй кештік,
Төленбес құн,
Неге деп сұрамайды сенен де ешкім,
Неге деп сұрамайды менен де ешкім,
Алғашқы сезімдерді теңгермессің.
Түсінерсің, өзгеден, кем көрмессің
Кетем дедің,
Кетсең кет!
Сен де өлмессің.
Екеуді ашу-ыза араға алды,
Екеудің ортасында бала бар-ды.
Қос тағдыр екі айырылып жүріп кетті,
Үш адам жүрегінде жара қалды.





Пікір жазу