01.09.2023
85
Бұлақтың мөлдір суын сарқып алып
Бұлақтың мөлдір суын сарқып алып,
Таулардың жылғаларын тартып алып,
Өмір-ай! Бара жатсың шалқып ағып.
Шыңдарға бұлттар төсін бауырлатып,
Ағыл-тегіл нөсерлеп жауындатып,
Өмір-ай! Бара жатсың дауылдатып.
Өзендер көкейінде арман қалып,
Алай-дүлей толқында жалмаң қағып.
Өмір-ай! Бара жатсың арнаңда ағып.
Ұмтылған өзендердің арнасы алға,
Толқын — өмір жалына жармасам да,
Ағамын, аялдамай әр қашан да!
Үлес қосам өмірге, үлесті алам,
Тіршілік ағысымен күресті Адам!
Бір сәуле шашу үшін өлеңіммен
Өмірдің ағысына ГРЭС салам...