01.09.2023
70
Ағыс
Арманмен аралаймын, ел кеземін,
Ел деймін, Елім деймін, Елде өзегім.
Өмірден талай тарлан дүлдүл өткен,
Дүние, Өлең-жырдыңн бер кезегін!
Өмірден өтіп жатыр қаншама ақын,
Талайлар таңдай қағып тамсанатын.
Жұмбақ әлем, көзіңді аш! Мен ағыспын!
Ағыстың ағысына қарсы ағатын.
Таудан емес, енді мен тауға ағамын,
Қып-қызыл, қызыл өрттей лаула, қаным.
Қып-қызыл, қызыл өрттей лаула, жаным.
Дүние ару болсаң, айналайын,
Серің боп жанарыңды аударамын.
Ағысқа қарсы ағатын, Мен ағыспын!
Дүние — демсіз болсаң, дем алыспын.
Көкжиектен жанары көзімді арбап,
Қол бұлғап шақырады мені алыс күн...