01.09.2023
62
Тіріліктің дәмі мен тұзын ойлап
Тіріліктің дәмі мен тұзын ойлап,
Жүректе қасіреттің ізі бойлап.
Жұмысын бастап кетті еңбекші өмір,
Басында бомбалардың ызыңы ойнап.
Бейбітшілік көктемнің Күні жарық,
Құстар келіп,
Бүршігін гүлі жарып.
Шүкір деп ақ жаулықты Анам тұрды,
Қуаныштан көз жасын сығып алып.
Болғанмен ауыр қайғы басқан небір,
Қалықтап қона алмай жүр аспан көңіл.
Бейбітшілік әр үйден сөз алғасын,
Шілдехана тойынан басталды Өмір!