01.09.2023
  76


Автор: Шөмішбай Сариев

Мақпал

Өтіп еді Мақпал көлде қайран күндер
көп қызық,
Балалықтың тәтті дәмін арман жолы
кетті үзіп.
Айдыным жоқ қайта оралсам еліме,
Шұғылалы бес көктемді өткізіп.
Балалығын,
Бал дәуренін ұмытады қай гүлің?
Неге үнсізсің?
Қайда суың?
Қайда мөлдір айдының?
Неге, неге таңдайыңда тамшы жоқ,
Қабағыңды шалғандай ма қайғы, мұң.
Балалықтың бал базары,
бақытты үні,
наз қайда?
Еркелейтін толқын қайда?
Шомылатын жаз қайда?
Аспаныңнан ақ шағала кетті неге алыстап,
Айдыныңда аққу қайда?
Арманыңдай қаз қайда?
Өттің-кеттің,
Айдын көлім қайда ағып?
Сарқылсаң да сортаң тартқан сай қалып,
Толқисың сен,
Толқисың сен жүректе,
Менің мөлдір жыр көліме айналып...





Пікір жазу