01.09.2023
82
Қайттың үйге жанарыңа шық тұнып
Қайттың үйге жанарыңа шық тұнып,
Пәк жаныңның мөлдірлігін ұқтырып.
Қалғандай бір қайырлаған қайықтай,
Алғандай бір ескегіңді ықтырып.
Сол күні алғаш құшағыңды досқа ашып,
Аңсап жүрек табысқандай қос ғашық.
Бір жұмбақтың сырын шешіп екеуің,
Қайттың үйге балалықпен қоштасып.
Қайттың үйге түс көргендей мөлдіреп,
Сиқыр күштің сезімімен елжіреп.
...Бұл ойыннан үркіп қашты балалық.
Дүрс-дүрс соғып тулағанда сол жүрек,
Бұл ойын деп ойламайтын балалық,
Бұл ойынмен ойнамайтын балалық.
Үлкендерге жолай алмай безіп жүр,
Сол үлкеннің жүрегін жаралып.