Қайырымсыз ажал деген шіркін келіп
Қайырымсыз ажал деген шіркін келіп
Уыздай бір ұяның шырқын бөліп.
Сәби жүрек атанды тұлдыр жетім,
Әкесі мен шешесі бір күнде өліп.
Кешегі әке-шеше көзі барын,
Тұрса да адамдықтың сезіп арын.
Жетімді нағашысы паналатып,
Бақтырып қойды өзінің қозы-лағын...
Таппады туысқаннан саялыны,
Ауылы, марқұмдардың аяды, ұлын...
Пана еткен, бір жиені жудыратын,
Жетімге баласының жаялығын...
Жүрегін жетімектің ертеді мұң,
Бала боп ойнар еді ертелі күн.
Қім оңың әкесі мең анасы боп,
Кім оның көтереді еркелігін?! .
Тағдыр жолын өзінше бастайды анық...
Сәби көңіл өмірге жастай налып.
Бір жақсылық таба алмай туысқаннан,
Бала енді бара жатты тасқа айналып...
Тасқа айналған кеудеде намыс тұрды,
Ойлаумен болашағын, алыс күнді...
Ұзамай бір мұғалім жетімді әкеп,
Балалар үйіне әкеп табыстырды.
Өзіндей балалармен жуысқалы,
Бақытын басқалардай уыстады...
Ол енді туысы емес ағайынның —
Ақпейіл адамдардың туысқаны!