31.08.2023
  58


Автор: Шөмішбай Сариев

Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен

Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен.
Ақ сүтіңдей ананың, құдіретті тіліңмен,
Қара қылды қақ жарып,
Жарыламын ағынан:
Ұлыларды пір тұтып,
Ұлылардың ұлысы –
Мен Адамға табынам!
Өйткені Адам – ұлы тау, таулардан жерде
кім биік?!
Ойлары шалқар мұхиттай, мұхиттай ойы
тұңғиық.
Жоғарырақ бәрінен
Ұлылығы ендігі:
Бүкіл әлем халқы үшін,
Даламдай дарқан кеңдігі!
Тау – еңселі данышпан, Дала – дарқан
ғұлама,
Мұхит десең тұңғиық ойлар көзде тұна ма?
Қастерлеймін мен сені,
Мәңгі – бақи өлең қып:
Ұлылықтың өлшемі –
Биіктік!
Кеңдік!
Тереңдік!





Пікір жазу