31.08.2023
  139


Автор: Шөмішбай Сариев

Табалап бір ісіме күліп кеткен

Табалап бір ісіме күліп кеткен,
Күліп кеткен.
Намыстың отты шоғын үріп кеткен,
Ризамын дұшпаныма қайрап қайта
Жаныма өжет сезім,
Үмітті еккен.
Досым да, дұшпаным да тасты демес,
Тасты демес,
Жиырма деген жігітке – жастық емес;
Достық емес –
Бәрі де мақтағанның,
Жамандаудың бәрі де –
Қастық емес. . '
Оңаша шексіз оймен күн кешемін,
Күн кешемін,
Жақын дос – жүрегіммен тілдесемін.
Болашағым,
Сені алдан көре білсем,
Мен қызығып,
Өмірді сүрмес едім.
Толғаулы тоқсан сезім туар қанша,
Туар қанша,
Қанжар болмас болатты суарғанша.
Мен жолдамын:
Күлгендерді жылатып қызғаныштан, Менүшін
Мұңайғандар қуанғанша!





Пікір жазу