31.08.2023
96
![](/uploads/shorttexts/author_image/sariev-sh-mishbaj.jpg)
Жол басы
Ұйқысы алып далаң ең,
Өткеніңе енді, міне күйінші.
Атағыңа колды соғып бар әлем,
Сұрап жатыр сүйінші
Дәл үстінде төсіңнің
Тарихыңның бір парағын ашты арман.
Құшағында ұлы ғарыш көшінің
Ұлы жолы басталған.
Асқан асу, бел есеп...
Корабльдің екпінінен асылы.
Байқоңырды шакырады келешек,
Ғашық болып болашақтың ғасыры.
Арман гүлін түлетіп,
Осы жерден қанат қақты алғаш ұл.
Космодром — ұлы даңқын жүк етіп,
Иығына асып алды сан ғасыр.
Шуағы мол көңіл күн,
Жол басынан аяп қалмас шапағын.
Байқоңырым бастап берді өмірдің,
Аяқталмас сапарын.