Ұлы Кафка елі
Табанымыз тиді ЧЕХТЫҢ жеріне,
Келдік біздер ұлы КАФКА Еліне.
Зиялы бір ақсүйектік танылар,
Көз жүгіртсек бұл бір халық тегіне.
Келді Қазақ зиялы бір қауымы,
Бір-біріне елжіреген бауыры.
АУЬІЛ ЖЫЛЫ атанған бұл кезеңде,
Қуат берген туған Елдің ауылы.
Біздер қоршап сезімдер жүр қимаған,
Ортамызда РАЙЫМБЕК7 бар сыйлы Адам.
Басты қосып Ұлы ЧЕХТЫҢ ЕЛІНЕ,
Бәрімізді ДАРХАН8 бауырым жинаған.
Өнер батыл, Өнер – жүйрік қорқа ма,
Көк Бөрідей жер жаһанға жорта ма.
Өз өнерін күллі әлемге паш еткен,
ЖӘНИЯДАЙ9 қызымыз бар ортада!
Күткен Бақыт асықпай да, алқынбай,
Тері илеген исі қазақ салтымдай.
Алтын жүрек АМАНГҮЛ бар ортада,
ЖӘҢГІР10 сынды досымыз бар алтындай!
Шұғылалы таң сәулесі сан атар,
Күн сәулесі таңды нұрмен боятар.
МҰРАТ11– сынды әншіміз бар даусымен,
Бүкіл мынау ПРАГАНЫ оятар!
Бәріміз де жеке-жеке іріміз,
Жаңа тауып бірімізді біріміз.
Суретін ПРАГАДА көрсетті
Жанымызда АЛПЫСБАЙДАЙ12 ініміз.
Бүрін ашқан нәзік сезім гүлінің,
Шуақ шашты бізге бүгін ұлы Күн.
РЕКЕҢЕ інімін де, қалғанының ағасы,
Мен де бармын, Сол ортаның бірімін.
Уақыт өтер, танып-біліп ұғармыз,
Қайда болсын биікке ұшар шынар құс.
ДАРХАН ІНІМ ҚУАТ БЕРСІН БІР АЛЛА
ДАРХАН ІНІМ БӘРІМІЗДЕН МЫҢ АЛҒЫС!!!
Сүйінші деп жар салатын салтым бар,
Күн сәулесі шағылысып жарқылдар.
Бәріміздің кеудемізде бір жүрек,
ҚҰДАЙ БЕРГЕН ОМЫРАУДА – АЛТЫН БАР!
Жауға қарсы тік тұрамыз қасқиып,
Достар болса қуанамыз жас тыйып.
КӨТЕРЕЙІК ТОСТЫ БҮГІН КАФКА ҮШІН
ЧЕХ ЕЛІНЕ, ПРАГАҒА БАСТЫ ИІП!!!