Елуде – елуінші ағаш ектім
Өлеңмен тарттым азап, жапа шектім.
Ойлардың тар түрмесі, қапасы өттің.
Бір кездер айта алмаған сөз орнына,
Елуде – елуінші ағаш ектім.
Өткен күн терең батып қалды мүңға
Естелік – өлең болар бар ғұмырға.
Бір ағаш отырғызып жүрдім әр кез,
Белгі етіп туған күннің әр жылында.
Желменен желбіреді желегі есіп,
Сол ағаш, сол бір ағаш келеді өсіп.
Сол ағаш,
Сол бір ағаш,ағаш емес
Тұрғандай елестейді өлең өсіп.
Адам боп елестейді өздеріндей,
Жапырағы сыбдырлап сөздеріндей,
Құс келіп, көктем сайынбүр жарады
Бүршігі әрбір өлең көздеріндей.
Арудай ерке қылық, назды ғашық
Самал жел тербегенде саз құрасып.
Өлең боп жапырағы жайқалады
Көктемгі бүршіктері жазға ұласып.
Тәңірге мың ырзалық айтар едім
Ғұмырым қысқа болса қайтер едім?
Мәуелі, саялы бақкеледі өсіп,
Елуде — елуінші бәйтерегім!
Елуді мен қарсы алдым мерейім деп
Қызығын ғұмырлардың көрейін деп.
Орамын даярладым тағы ағаштың,
Тәңірім ғұмыр берсе егейін деп...