28.08.2023
  753


Автор: Тұсаукесер тойы

Қаз-қаз балам, жан балам

Қаз-қаз балам, жан балам,
Арманға жет аңсаған.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз балам, жан балам,
Шаттық берсін таң саған.
Әр қадамың сәтті боп,
Тәнті болсын бар ғалам.

Қаз-қаз балам, жан балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тәй-тәй басып жүре бер,
Тәнті болып барша адам.





Пікір жазу