27.08.2023
  133


Автор: Тұсаукесер тойы

Құтты болсын қадамың (әкесі)

Құтты болсын қадамың құлыншағым,
Тұсау кесіп бүгінгі тәй-тәйлаған.
Арманың мен мақсатың орындалсын,
Биік шыңға жетелеп әрбір қадам.

Құлыншағым жүрісің сәтті болсын,
Көңіліңді тербелеп күй әдемі.
Тәй-тәйлаған құлыным сен аман бол,
Нұрын шашып өзіңе таң әдемі.

Қуандырсын бақытты балалығың,
Болашаққа бастайтын жаңа күнің.
Тамыр жайып жайқалып сен өсе бер,
Барлық жанды тәнті етіп даралығың.





Пікір жазу