27.08.2023
  222


Автор: Тұсаукесер тойы

Құтты болсын баланың әр қадамы

Құтты болсын ағайын балапанның,
Басқан әрбір қадамы шаттық сыйлап.
Биіктерге өрлесін қанат қағып,
Жаратқаным әрдайым бақыт сыйлап.

Тұсау кесті, құтты болсын сіздерге.
Тәй-тәй басып, таудан ассын балаңыз.
Ашық болып аспаны, күлім қақсын,
Жақын болып балаңызбен араңыз.

Денсаулығы мықты болсын әрдайым,
Балалық шақ қуандырсын, жоқ уайым.
Сүрінбесін, жығылмасын ешқашан,
Шуақ шашар жарқырап әр таңдайын...





Пікір жазу