27.08.2023
  99


Автор: Шөмішбай Сариев

Боран

Боранды көрдім мен алғаш,
Жан-жағымды көре алмас.
Алай-түлей борады-ай,
Құдірет күш жеңе алмас.
Аймалап ақ қар орады-ай,
Айтса біреу сене алмас.
Іздеп шыққан күнім ед,
Аяулы жаным сені алғаш.
Боранды көрдім тұңғыш мен,
Үрейлендім бұл күштен.
Бет-дидарым дауылдап,
Маңыз кетті түр-түстен.
Дәл осылай болар деп,
Алдын-ала кім пішкен.
Іздеп шыққан күнім ед,
Аяулым сені тұңғыш мен.
Боран да боран, борай бер,
Боратып жанды орай бер,
Сен дегенде, сен деген.
Қозғалып жүрек өкпемді,
Бораннан іздеп көктемді,
Бір сені аңсап мен келем.





Пікір жазу