10.08.2023
  253


Автор: Білім күні

Алғашқы қоңырау

Міне, уақыт зымырап күн артынан күн өтіп, ай артынан ай өтіп сары алтын күндіз алғашқы күні де есік ашқалы тұр. Бұл дегеніміз, қыркүйек айының 1-ші жұлдызы алғашқы қоңырау болатын сәт. Оқушылардың барлығы жазғы демалыстан оралып қатайдан сүйікті мектебімен, сүйікті ұстаздарымен қауышатын сәт. Сағынышқа толы сәт осы алғашқы күні қатты байқалатыны сөзсіз. Оқушылар бірін-бірі сағынысып, мектебін сағынып, ұстазын сағынып қауышатын толғанысқа толы сәт десек артық айтпағанымыз болар. Алғашқы қоңырау үні де бір сондай құлаққа жағымды болып, жаңа оқу жылы басталды дегендей үн қататындай.
Бұл күздің алғашқы айы жеміс-жидек атаулының барлығы пісіп, орақ науқанының қызған шағына тұспа-тұс келеді емес пе?! Жаз бойы оқушыларсыз қаңтарылып тұрған мектеп те әсемделіп, шырайына шырай қосылып, әдемі безендіріліп , жаңа оқу жылына асыққан балалардың алдында жаңаша ауорамен мен мұндалап тұр.
Қарап тұрсақ өмірдің ең ғажап сәті – балалық шақ қой, шіркін! Мектептегі кездер-ай десеңізші! Жазғы демалыстың соңы болып, қыркүйектің алғашқы күні бір ерекше сағынышқа толы болып, алғашқы қоңырау үні де оқушылардың жүздеріне қуаныш беретіні сөзсіз.
Алғашқы қоңырау үні естіліп, балалардың да жаңаша көңіл-күймен мектебіне асыққан сәттері жанымызға бір қуаныш себелейтіндей. Расында да бұл керемет сәт, керемет көрініс. Тарыдай болып мектептен еніп, таудай болып шығатын балалардың зейіндері ашылсын деп тілейміз!





Пікір жазу