05.08.2023
  72


Автор: Білім күні

Он бірінші сыныптың балалары

Он бірінші сыныптың балалары,
Бірің әпке, біреуің ағалары.
Биыл міне соңғы жыл мектептегі,
Биік самғар түлектің даралары...

Оқу оқы, еңбектен, биік самға,
Жаңа өмір күтіп тұр сені алда.
Әрбір күнді қадірле мектептегі,
Жалғастырып шуақты таңды таңға.

Ұстаздарды құрметте, достарыңды,
Өте шығар бұл күндер қас-қағымды.
Оқу оқып, білімге арна дәйім,
Оқуға тек арнап сен жас шағыңды...





Пікір жазу