05.08.2023
162

Тілеймін жарқын болашақ
Тілеймін жарқын болашақ,
Шәкірттерім сендерге.
Оқу оқы, тоқтама,
Бір-біріңе дем бере.
Бүгін білім күнінде,
Шаттықтарың көбейсін.
Білімменен сусындап,
Тыныстарың кеңейсін.
Ұстаздың ақ тілегі,
Білімді бол, еңбек ет.
Еңбек етсең ерінбей,
Болар әр күн керемет.