04.08.2023
83
Балапаным, құлыным (әкесі)
Балапаным, құлыным,
Құтты болсын қадамың!
Алғашқы бұл қоңырау,
Сыйласын нұрлы жаңа күн.
Білім күні бүгінгі,
Бақыт, шаттық сыйласын.
Жаңа оқу жылында,
Бар жақсыны жинасын.
Беске оқып сабақты,
Білімді бол, білгір бол.
Жаратқаным жар болсын,
Беріп саған бақыт мол!