26.07.2023
423
Тілеймін бар жақсыны, әке тілегі
Шығарайық қырқыңнан,
Гүлім менің жан қызым.
Жаратқаным өзіңе,
Болсын деймін жар қызым!
Тырнағыңды алайын,
Асқақтасын мерейің.
Гүлдей жайна деп қызым,
Шашыңды алып берейін.
Қуанышың көп болсын,
Ашық болып жолдарың.
Балалығың қуантсын,
Сыйлап саған зор бағын.
әке тілегі БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ балаға тілек қырқынан шығару сәбиді қырқынан шығару қызды қырқынан шығару ұлды қырқынан шығару