26.07.2023
641
Баланы қырқынан шығару, ана тілегі
Балапаным, құлыным,
Шығарайық қырқыңнан.
Арманыңа жете бер,
Жанды баурап түр-тұлғаң.
Тырнағыңды алайық,
Мықты болсын саулығың!
Алайықшы шашыңды,
Қуантсын деп әр күнің!
Қажырлы еңбек сүйгіш бол,
Әр қадамың оң болып!
Алға қарай баса бер,
Көңіл-күйің зор болып!
ана тілегі БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ балаға тілек қырқынан шығару сәбиді қырқынан шығару қызды қырқынан шығару