26.07.2023
  625


Автор: Баланы қырқынан шығару

Баланы қырқынан шығару, ата тілегі

Шығарайық қырқыңнан,
Ай диларлы құлыным.
Тырнағыңды алайық,
Желбіресін тұлымың.

Алайықшы шашыңды,
Басыңа бақ қонсын деп.
Жарқырасын жұлдызың,
Күлім қағып жүзің тек.

Абыройлы бол жаным,
Елің мақтар әрқашан.
Биіктей бер,  өрлей бер,
Тәнті болып барша жан.





Пікір жазу