26.07.2023
330
Баланы қырқынан шығару, көке тілегі
Әй бөпегім, бөпешім,
Шығарайық қырқыңнан.
Тырнағыңды алайық,
Жандансын деп түр, тұлғаң.
Шашыңды да алайық,
Ниет етіп жақсыны.
Өмір сені қуантсын,
Ұсынып бар тәттіні.
Ата-анаңды қуантып,
Денің сау боп өсе бер.
Балалығың күшті боп,
Асулардан өте бер.
көке тілегі БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ балаға тілек қырқынан шығару сәбиді қырқынан шығару қызды қырқынан шығару