26.07.2023
  336


Автор: Баланы қырқынан шығару

Баланы қырқынан шығару, апа тілегі

Шығарайық қырқыңнан,
Қызғалтақтай жайнай түс.
Күләш әнші апаңдай,
Бұлбұл құстай сайрай түс.

Инабатты,  ибалы,
Қыз боп жайнап өсе бер.
Жаршысы боп жақсының,
Асулардан өте бер.

Ата-анаңды құрметтеп,
Оларға бақ сыйлай біл.
Баурап жақсы жандарды,
Айналаңа жинай біл.





Пікір жазу