26.07.2023
344
Баланы қырқынан шығару, әке тілегі
Шығарайын қырқыңнан,
Ұлым менің құлыным!
Жаратқаным жар болып,
Ұзақ болсын ғұмырың!
Тырнағыңды алайын,
Жүзің жайнап жүрсін деп.
Шашыңды да алайын,
Әр күн саған күлсін деп.
Әкең саған тілейді,
Өмірдің бар ғажабың.
Балалығың күшті боп,
Арта берсін ажарың!
әке тілегі БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ балаға тілек қырқынан шығару сәбиді қырқынан шығару ұлды қырқынан шығару