meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2023
  438


Автор: Сырға салу

Анасының гүл қызы (анасы)

Сырға салып бүгінде,
Қанаттанып барасың.
Құдандалы жол салып,
Жалғап елдің арасын.

Құтты болсын қадамың.
Анасының гүл қызы.
Жарқырай түс, жайнай түс,
Маңдайдағы жұлдызы.

Инабатты, ибалы,
Келін болғын жарығым.
Бақытты бол күйеумен,
Сәтті болып әр күнің.





Пікір жазу