26.07.2023
  194


Автор: Сырға салу

Құтты болсын қадамың (әкесі)

Сырға салып өзіңе,
Үйден кетіп барасың.
Жаным қызым, ардағым,
Жалғап екі ел арасын.

Құтты болсын қадамың,
Басқан жаңа өмірге.
Инабатты келін бол,
Дақ түсірмей көңілге.

Өзіңменен ақ батам,
Бақытты бол жан қызым.
Қуанышың көп болсын,
Күлім қағып жұлдызың.





Пікір жазу