26.07.2023
133
Қызғалдағым жан қызым (әкесі)
Сырға салды өзіңе,
Қызғалдағым, жан қызым.
Орындалсын лайым,
Ізгі арманың жан қызым.
Құтты болсын қадамың,
Жаңа өмірге сен басқан.
Ай, күндерің жымыңдап,
Күлім қақсын түңгі аспан.
Бар жақсыны тілеймін,
Қарақтарым сендерге.
Сыйластықта жүріңдер,
Бір-бәріңе дем бере.