26.07.2023
182
Үйден кетіп барасың (анасы)
Ет жүрегім елжіреп,
Босауда бұл көңілім.
Үйден кетіп барасың,
Жайнай түссін өмірің.
Жаным қызым, құлыным,
Сырға салды құдалар.
Құтты болсын жан қызым,
Жаңа өмірің құралар.
Күйеу бала екеуің,
Бақытты бол лайым.
Шаттықты күн көп болсын,
Жар боп әркез Құдайым.