26.07.2023
221
Бақытты бол жан қызым (әкесі)
Бақытты бол жан қызым,
Маңдайдағы жұлдызым.
Сырға салды мінеки,
Күлімдесін бал, жүзің.
Қыз жат жұрттық білемін,
Қимасам да өзіңді.
Бізге енді қонақсың,
Арнар жылы сөзіңді.
Оңды болып қадамың,
Жаңа өмірде қуан тек.
Жаным қызым, жұлдызым,
Жүрші аман күлімдеп.