26.07.2023
874
Сырға салдық бүгін біз
Баламыздың таңдауы бір өзің деп,
Сырға салдық өзіңе, құтты болсын!
Оңды болып жолдарың баламызбен,
Әр күндерің қызықты, күшті болсын!
Сырға салдық, бұл тойдың ең бастауы,
Бұл қуаныш ұлассын той мен тойға.
Екі әулетке сыйлы боп, қол ұстасып,
Жүріңдер тек шаттана әрбір тойда.
Біз тілейміз сендерге бар жақсыны,
Жаңа өмірге оң болсын қадамдарың.
Бірің ай, бірің күндей жарқыраңдар,
Орындалып мақсатың, армандарың!