meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2023
  2440


Автор: Сырға салу

Қыздың жеңгесі

Ақ дидарлы аяулым,
Атандың сен Сырғалым.
Құтты болсын, жаңадан,
Өмірге қадам қылғаның.

Бақытты бол, күйеумен,
Жүзің жайнап ерке қыз.
Тілеулес боп жүретін,
Бақыт тілер жеңгеміз.

Қадамдарың оң болсын,
Жаратқаным жар болып.
Күлімдеңдер, шаттана,
Шуақты атар таң болып.





Пікір жазу