meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2023
  5677


Автор: Сырға салу

Бақытты бол, қайныммен

Аппақ жүзді, аруым,
Келдік сырға салғалы.
Таңдауы сен қайнымның,
Бір өзің боп арманы.

Құтты болсын сырғаң бұл,
Келесің бізге келін боп.
Бақытты бол қайныммен,
Алла қолдап, теңің боп.

Оң болып басқан қадамың,
Әулетке ен жарқырап.
Тамыр жайып, өркендеп,
Әрбір күннен тапқын бақ.





Пікір жазу