24.07.2023
  1210


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Басымдағы бағым деші



Сүйген жүрек қарамас, ештеңеге,


Ешбір мін де, білінбес шын сүйгенде.


Керек емес есептеп, сүю мүлдем,


Сүю керек сұлуды, шын жүректен.


                   Қайырмасы


     Сұлуды сүй, беріліп жан тәніңмен,


     Сүюде жоқ ар-ұят, біле білсең.


     Құлай сүю, өзіңді ұсыну бар,      2- рет


     Шын сезімнің сынары, елжіреген.


Сүйген жүрек қалай ма, басқа жанды,


Шын махаббат аңсайды, алдамайды.


Аруды сүй, беріліп сұлулыққа,


Ләззат оты шарпысын, тұла бойды.


     Естен танып, елірткен кездерінде,


     Ессіз деме махаббатты, бағыңды ашсын.


     Ыстық демін алаулап, отқа ұласып,  2-  рет


     Жүректерде жарасып жалындасын.


Сұлуды сүй, бағала махаббатты,


Құшқаныңда аймалап, Ару тәтті.


Сүйем деші, жаным-ау, қайталашы,     2- рет


Бағым менің, баққұсым басымдағы.


 


 Айтбек Рымбекұлы Әліпов, Астана қ.





Комментарии

Ербол
Ербол 29.07.2023 16:25
Ғажап!!!! сырт көзге қарапайым сөздерден терең ой толғау… ???‍♂️
Ұлболсын
Ұлболсын 28.07.2023 11:25
Сезімге толы махаббат әні екен. Әдемі де әсерлі. Шабытыңыз шалқысын!
Ұлболсын
Ұлболсын 28.07.2023 11:24
Сезімге толы махаббат әні екен. Әдемі де әсерлі. Шабытыңыз шалқысын!
Мәди
Мәди 26.07.2023 22:53
Ассалаумағалейкум Айтбек! Адамдар арасындағы махаббат пен суйспеншилик деген такырыпка айтылып жүрген өлең шумақтар өте көп, соның ишинде, Сенин жуегиннен шыккан осы бир өлең шумақтары мени де бир серпитип тастағандай болды. Өте әсерлі, манерли өлең шумақтары... Шығармашылык табыс тилеймин, жаксы өлеңдерин көп болсын! Халқымыздың мактанышы бол!
Еділ
Еділ 25.07.2023 19:49
Аға, жазарыңыз мол болсын! Лирикаға толы жақсы өлең. Осындай құнды дүниелер туа берсін!
Айман
Айман 25.07.2023 16:43
Только любящее сердце, влюбленный человек, творческая натура осындай сөздер тауып жазаалады, сезімін жеткізе алады, қандай тамаша ән болып шығыпты. Сізге творчестволық шабыт, жаңа әндер, жаңа өлендер көбейуіне тілектеспін. Жүрегіңіз тарата берсін осындай сезімдерді халыққа, ведь не многие на это способны.
Дана
Дана 25.07.2023 16:37
Өте әсерлі ән, ✍?көркем әндерің көп болсын, адамның өмірге құштарлығын арттырасыз.

Пікір жазу