24.07.2023
  246


Автор: Конституция күні

Конституция — Ата заңымыз

Бүкіл халық болып, референдум арқылы дауыс беріп қабылдаған заңды әрдайым әділ деп есептейміз. Әрбір Қазақстандық азаматтар мен азаматшалар Заңға құрмет қылмайынша оны қастерлеп, ішкі қажеттілікке айналдырмайынша, заңның құдіреті шамалы болып қалатыны сөзсіз. Сондықтан да әрбіріміз  Конституция күніне үлкен құрметпен қарап, Ата заңымыздың әрбір тармағындағы әрбір баптарына жақсы көзқараспен қарауымыз керек. Еліміздің мәртебесі тікелей осы заңнамамыз арқылы, оған құрмет көрсету арқылы биіктей түспек. Мәртебелі болуы үшін, заңның принциптері мен қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс деген ойдамын.
Халық болып дауыс беру арқылы қабылданған заңымыздың жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуы керек. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды. Қайта сол өсіп өніп, қанат жайып келе жатқан еліміздің өркениеті мен мәдениетіне, ұстанымдарына, абыройына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, заңнамада көрсетілген әрбір бабы мен тармақтарын орындап, заң бұзушылыққа жол бермеуіміз керек. Әр адамның өмірі өз қолында, бірінің өміріне бірі қол салмай әрбір адам өз тіршілігін жасай білсе бір сөзбен айтқанда құда да тыныш, құдағи да тыныш,— еліміз өркендеп қанат жая түседі.
Бірақта, өкінішке орай елімізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Баласын сату, жаңа туған нәрестесін тастап кету деген сияқты, одан қала берді жемқорлық қатты белең алып отыр. Бұл жайлардың барлығы еліміздің дамуына кері әсерін береді емес пе?!
Ата заңымыз қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау әрбірімізге міндет, әрбірімізге парыз. Ия, жалпы жұрттың заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес екені айдан анық. Дей тұрғанмен әрбір адам өз құқығын біліп, заңға қайшы шаруалармен айналыспай, өз тіршілігін жасай білсе, өмір сүру расында да жеңіл әрі қызықты болар еді.
Заң сатылмайды! Ел алдында беделіңіз болсын, жоғары, мансабыңыз, лауазымыңыз болсын ақшаға да, байлыққа да сатылмауы керек. Заң ұлық, баршамызға ортақ! Тек ақиқатқа бас иеді. Сондықтан заң талабына сай өмір сүруді дағды етуіміз керек.
Ойымды қорытындылай келе, Қазақстандықтар, Ата заңымызды құрметтей, сыйлай білейік! — дегім келеді. Бүгін 30 тамыз Конституция күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ертеңіміз бен болашағымыз жарқын болсын!





Пікір жазу