24.07.2023
101
Конституция күні құтты болсын!
Келіп жеткен бүгінгі күн қазағым,
Құтты болсын Конституция күні бұл.
Жылдан жылға Тәуелсіздік нығайып,
Шыға берсін шаттықты елдің үні бұл.
Аман болсын қазағымдай ел ғажап,
Ата заңның артып биік болып беделі.
Тыныш болсын еліміз бен жеріміз,
Сол тыныштық біздерге ең керегі.
Арайлы таң шуағына бөлесін,
Көк туымыз көгімізде желбіреп.
Сыйластықта әрбір адам үн қатсын,
Ынтымақта бір-біріне елжіреп.