24.07.2023
109
Конституция күнімен
Құттықтаймын сіздерді,
Конституция күнімен.
Жасай берсін ата-заң,
Шаттық шығып үнінен!
Қазақ елі жандансын,
Заңсыздықтар еш болмай.
Конституция күнін бұл,
Жүрейікші біз тойлай!
Тыныш болып еліміз,
Қуаныштар көп болсын.
Сақталып бар заңдылық,
Уайым-қайғы жоқ болсын!