22.07.2023
  1566


Автор: Арман Тосқанбаев

Құлшынысың күшті болуы үшін мақсатың айқын болуы тиіс. Өзінің не үшін өмір сүріп, не үшін жұмыс істеп жүргенін әрдайым жадында ұстайтын адамдардың мотивациясы жоғары болады. Олар жай ғана әрекет етпейді, өздері үшін маңызды нәрселерге талпынады. Сол себепті, мақсатың мен басымдылықтарыңды анықтап алудың мәні зор, одан соң соған сәйкес әрекеттер мен міндеттерді таңдайсың. Жұмыс бастылық пен тиімділікті шатастырмаңыз. Егер мақсатыңызға біртабан жақындатпаса, сіздің қанша нәрсе жасап үлгергеніңіз маңызды емес. Тиімділік дегеніміз — атқарған жұмыстарыңыздың саны емес, сапасы.





Пікір жазу