14.07.2023
105
Біреу келіп есікті...
Біреу келіп есікті
Қағып тұрған секілді –
Алып тұлғаң секілді.
Біреу есік алдында от
Жағып тұрған секілді.
Жылындырды жанымды от,
Алып тұлғаң секілді...
Көрдім түсте көркіңді,
Дауысың ба?
Жел тұрды...
Елес, болмыс не түрлі
Болып алдың сен күллі!
Эфирден күй шертілді
Өзің шерткен секілді,
Билеп алды еркімді.
Қалай басам сағыныш –
Өртімді, жан дертімді?!