14.07.2023
  116


Автор: Серікбай Оспанов

Ұялаған жоқ әлі жаныма мұң...

Ұялаған жоқ әлі жаныма мұң,


Жүрек – өлең,


Көңіл – күй,


Таңым – әнім.


Дәркер жанды дәріптеп,


Дәтсізденіп,


Сарыарқа самалындай сағынамын.


 


Қайрылмастай мен оған өкіпеледім,


Өле сүйем


Кейде әрі жек көремін.


Әлі күнге келемін ұмыта алмай,


Жүрегімді ол өртеген от дер едім.


 


Ұқсамайды мүлде ол бір кісіге,


Қылығы оның кіреді кіл түсіме.


Жылағаны,


Өзгеше ашуы да,


Тым ерекше еріні,


Күлкісі де!


 


Көңілімде бір сәуле тұрады әмән,


Кім бар саған, махаббат, құламаған?!


Мен сүйетін, өмірде мен іздейтін,


Неге тудың, табиғат, бір-ақ адам?!





Пікір жазу